Стоковые изображения от Depositphotos
ҰҚК есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.
«Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды. Анықталған есірткінің «қара» нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады», — делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press