Популярные темы

Абай облысында оқушылар фикус өсімдігін табиғи жолмен көбейтіп жүр

Дата: 14 мая 2024 в 14:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында оқушылар фикус өсімдігін табиғи жолмен көбейтіп жүр
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы Қарауыл ауылындағы мектепте оқушылар тез тамырландыру жолы арқылы тропикалық өсімдіктер өсіруде. Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушылары Баян Қабдиева мен Дана Дәулетқызы зерттеу жұмыстары барысында өсімдіктерді, оның ішінде фикусты оңай көбейту жолдарын анықтады. Фикус өсімдігінің тамырын  суда және топырақта тамырландырады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқушылар фикус қалемшелерін суда әр түрлі стимуляторлар және табиғи бал арқылы тамырландырып, өсімдік түрлерін көбейтіп отыр. Бүгінге дейін 500-ден аса өсімдік өсіріп шығарған.

«Фикус біздің климаттық белдеуде өспейтін болғандықтан бағалы өсімдік қатарына жатады. Әр түрлі ғимараттарда декоративті мақсатта өсіруге болады. Сол үшін де біз өз ауылымызда осы өсімтік түрлеріне климаттық жағдай жасап, өсіріп жүрміз»,-дейді оқушылар.

Оқушылар өздері оқитын мектеп ғимаратында фикустың сегіз түрінен өсімдік өсірген, сондай-ақ басқа да тропикалық өсімдіктерді де табиғи жолмен көбейтіп отыр. Бұған дейін Абай ауданында лимон, мандарин, банан, жүзімді  жылыжайда өсіріп, жемістерін алған.

Сондай-ақ болашақта фикустан каучук алуға болады дейді жас биологтар.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями