Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстанда доллардың 14 мамырдағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,07 теңгеге төмендеп, 440,90 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 14 мамырдағы ресми бағамы — 440,92 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 441,28 теңгеге, сатылымы 442,56 теңгеге тең болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 439,98 теңгеден сатып алынып, 444,98 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 13 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,49 теңгеге көтеріліп, 440,92 теңге болған еді.
Сурет: depositphotos.com
По сообщению сайта Arna Press