Популярные темы

Былтыр еліміз бойынша 41 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталған

Дата: 17 мая 2024 в 19:28


Былтыр еліміз бойынша 41 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталған
Стоковые изображения от Depositphotos

Былтыр еліміз бойынша 41 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталған. Қазақстанда жалпы 218 мыңға жуық науқас диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп, дейді мамандар. Бір жыл ішінде осы дерттен 13 мыңға жуық адам көз жұмған.

Дәрігерлер дер кезінде қаралу арқылы дерттің қаупін азайтуға болатынын айтады. Уақытылы скринингтік зерттеу жүргізу аса маңызды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл туралы Алматыда өткен онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялар туралы баспасөз мәслихатында айтылды.

«Қазақстанда бірінші орында сүт безінің қатерлі ісігі. Екінші орында колоректальды рак. Бұл тоқ ішектің ауруы. Үшінші орында өкпенің қатерлі ісігі. Қазір мысалға, соңғы дерктер бойынша 30,5% екінші стадиялар жақсы анықталып жатыр. Ертерек анықтасақ емнің нәтижесі жақсы болады.«Толқын Садықова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онколог дәрігері

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями