Стоковые изображения от Depositphotos
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев 27 мамырда өткен брифингте қанша тұтқын колониялардан қашуға тырысқанын және олардың бұл әрекеті неліктен іске аспағанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, бүгінгі таңда колонияларда 39 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Оларда аналитика және бақылау функциялары қарастырылған, сондай-ақ тыйым салынған аймақтарға ену және линзаның қабаттасуы туралы дабыл бар.
Бейнебақылау камераларынан алынған сурет қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ахуалдық орталығына және бір мезгілде прокуратура органдарына көрсетіледі. Бұл нақты уақыт режимінде тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Аталған шаралар оң нәтиже берді. Қызметкерлердің заңсыз әрекеттері туралы шағымдар сегіз есе қысқарды. Осы жүйе іске қосылған сәттен бастап сотталғандар тарапынан 24 мыңға жуық бұзушылық анықталды. 43 суицид пен төрт қашу әрекетінің алды алынды», — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ол кейбір сотталғандардың арасында жазаны өтеу тәртібін сақтағысы келмегендіктен, осы бейнекамераларды әдейі бұзу үрдісі пайда болғанын атап өтті. Осылайша, барлығы 683 бейнебақылау камерасы бүлінген және істен шыққан. Сондықтан қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді.
«Атап айтқанда,«ҚАЖ мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін қасақана жою немесе бүлдіру» 428-1-бабы енгізілді. Заңның санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – деп нақтылады Шыңғыс Алекешев.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press