Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстан қор биржасында (KASE) 19 маусым күні сағат 15:30-да валюта нарығындағы құралдардың саудасы жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,6 теңгеге көтеріліп, 459,75 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап көтеріліп, 63,1029 теңгені құрады. Рубль 0,2 тармаққа нығайып, 5,45 теңгені құрады. Еуро бағамы 492,12 теңге.
Ал, 19 маусымда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
13:30-да ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 0,35%-ға төмендеп, 85,03 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері тамыз айындағы фьючерстері 0,36%-ға арзандап, 80,42 долларды құрады.
Бір күн бұрын, 18 маусымда сауда қорытындысы бойынша доллар бірден 4,92 теңгеге көтерілді.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press