Стоковые изображения от Depositphotos
23 маусымда сағат 14:10 шамасында Семейде Тарбағатай – Әуезов көшелерінің қиылысында жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 57 жастағы жүргізуші жолдар қиылысында көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Toyota Әуезов көшесімен тік бағытта келе жатқан. Қатты соққыдан Mitsubishi жол ортасында аударылып қалды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Абай облысының полиция департаменті әрбір жүргізушіге жолдарда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді».Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press