Популярные темы

Аптап ыстық, өрт қаупі: Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Дата: 22 июля 2024 в 10:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Аптап ыстық, өрт қаупі: Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Мамандар 22 шілдеде Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысының бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Қостанай облысының солтүстік жартысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жанбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 22 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сурет: freepik

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями