Стоковые изображения от Depositphotos
Алматы мен Атырауда адамды бет-әлпетінен тану үшін бейнебақылау камераларына жасанды интеллект қосылды, — деп хабарлайдыArnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап
Берік Асыловтың айтуынша, Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейткен. Прокурорлар биыл халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдаған.
Ал қазір бұл жұмысқа жасанды интеллект тартылды, бірақ әзірге екі қалада ғана.
«Біз биыл тамызда Алматы мен Атырау қалаларында қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және із-түссіз жоғалғандарды бірден танитын ЖИ элементтерімен IT-қосымшасын бейнебақылау камераларына қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және жоғалған 2 адам танылды», — деп жазды бас прокурор.
Ол ЖИ камераларының көмегімен жас пен сырт келбеттің өзгеруіне қарамастан адамдарды тауып, іздеу шараларын күшейтуге болатынын айтты.
«Прокурорларға жүйені барлық өңірлерге енгізу тапсырылды. Қазір 9 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр, оның 2,2 мыңы қылмыскер және 2 мыңы хабарсыз жоғалғандар».
По сообщению сайта Arna Press