Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік әрекетке қатысты күдіктілердің ұсталғаны туралы мәлемдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.
Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.
Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.
Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.
Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press