Популярные темы

Әбиба Әбужақынова дзюдо бойынша әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

Дата: вчера в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Әбиба Әбужақынова дзюдо бойынша әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді
Стоковые изображения от Depositphotos

Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Әбиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

48 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды. Әлемдік рейтингті моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавуудорж бастап тұр. Біздің Әбиба төртінші орыннан көрінді. Ал, үздік бестікті франциялық Ширин Букли аяқтап тұр.

Сурет: ijf

22 тамызда Әбиба Әбужақынова «Jenys» дзюдо спорт клубы сыйға тартқан көліктің фотосуреттерімен бөлісті.

Сурет: Instagram/jenysjudoclub

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями