Стоковые изображения от Depositphotos
ТЖМ өкілдері Қарағанды облысының аумағындағы өрт сөндіріліп, өрттің жалпы ауданы анықталып жатқанын мәлім етті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.
«Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты» Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілді.Бүгін аэровизуалды барлау жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды», — делінген хабарламада.
Табиғи өрттің ауқымдылығына байланысты төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасына сәйкес елдімекендер мен орманшылықтарды қорғау, өртті жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қосымша күштер жіберілген
. «Өртті сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды үйлестірудің арқасында ауа райының қолайсыздығына, өрт алаңы үлкен болуына, өрт сөндіру бөлімшелерінің орналасқан жерінен арақашықтығына қарамастан 7 елдімекенді (Қоянды ауылы, Теректі ауылы, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл, Атантай, Қолбасы бөлімшелері) және 11 шаруа қожалығын қорғауға мүмкіндік туды, онда 1,5 мыңға жуық адам тұрады және 33 мыңнан астам мал басы бар. Сонымен қатар Егіндібұлақ ауылы ауданындағы Кувский шаруашылығының орман қоры аумағын оттың таралуынан қорғады», — дейді ведомство өкілдері.
Өртті жоюға ТЖД, ПД, ТЖМ әскери бөлімдерінің, Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша Кувский шаруашылығының, «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ, Қарағанды мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері мен құралдарынан жалпы саны 609 адам және 93 техника, 3 ҰҰА, ҚР ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қорғаныс министрлігінің 5 әуе кемесі жұмылдырылған. Өртті сөндіру барысында әуе кемелері өрт ошақтарына 62 рет жалпы көлемі 112 тонна су шашқан.
Еске салсақ, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік. Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. 7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.
8 қазанда ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі ахуал туралы баяндады. Бүгін ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді.
Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйлеріне оралды
Сурет:ТЖМ
По сообщению сайта Arna Press