Популярные темы

KAZ Minerals Aktogay Абай облысындағы колледждер мен студенттерді қолдау үшін 280 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Дата: 14 октября 2024 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


KAZ Minerals Aktogay Абай облысындағы колледждер мен студенттерді қолдау үшін 280 млн теңгеден астам қаржы бөлді
Стоковые изображения от Depositphotos

2018 жылдан бері KAZ Minerals Aktogay ЖШС арнайы оқу орындарында сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін 70 миллион теңгеден астам қаржы жұмсап, Абай облысындағы үш колледж үшін 214 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдық сатып алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Компания өзі жұмыс істейтін аймақтағы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға басымдық береді. Бұлар компания бөлген грант арқылы тау-кен өндірісіне қажетті мамандар дайындап жатқан Семейдегі Электротехникалық және Геологиялық барлау колледжері мен Аягөздегі Политехникалық колледж.

«Бізге Электротехникалық колледжден оқу бөлмелерін парталармен, орындықтармен, тәжірибе жұмыстары үшін арнайы парталармен және LED экрандармен жабдықтау туралы өтініш түсті. Келіссөз жүргізіліп, техниканы сатып алу мүмкіндігі қарастырылғаннан кейін барлығын Топпен келісіп жалпы сомасы 24 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алдық», — дейді KAZ Minerals Aktogay компаниясының қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімінің басшысы Дархан Ербосынов.

«KAZ Minerals компаниясымен бірнеше жыл жұмыс істейміз. Студенттерді Жезкенттегі Орлов өндірістік кешеніне және Ақтоғай кен орнына өндірістік тәжірибеге жібереміз. KAZ Minerals Aktogay бізге Аягөз ауданында тұратын абитуриенттерді оқуға жібереді. Компанияның жүйесі арқылы біз сегіз шәкірт оқытудамыз. Биыл біреуі оқуын бітіріп,KAZ Minerals Aktogayкәсіпорнында жұмысқа кірісті», — дейді Электротехникалық колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Айсұлу Молдиярова.

Kaz mineralsСтуденттер жаңа құралдардың оқу процесін айтарлықтай жеңілдеткенін атап өтуде.

«Биыл бізге жаңа парта мен орындық берілді. Өте ыңғайлы. Шеберханадағы парталар металлмен қапталған. Сызат аз түседі. Жұмыс істеуге қолайлы», — дейді колледж студенті Вадим Мельник.

Колледж студенттері KAZ Minerals кәсіпорнында тәжірибеден өтіп, компанияның гранты арқылы білім алуда. Мұнда басымдық Абай облысындағы мектеп түлектеріне беріледі. Сондай-ақ KAZ Minerals Aktogayкомпаниясындажас мамандардың ақысы төленетін өндірістік тәжірибеден өту бағдарламасы бар.

KAZ Minerals Aktogay жұмыс барысында озық технологиялар мен еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын қолданады. Кәсіпорындарда арнайы оқу орталықтары бар. Тәжірибе алдымен жаттығу симуляторларында сыналады, содан кейін ғана өндіріске жіберіледі.

Сурет: Kaz minerals

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями