Популярные темы

Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды

Дата: вчера в 19:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.

Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар. Соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллион астам балаға өсіп, 3,9 миллионды құрады.

Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын төмендету мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бірқатар бастамалар қарқынды іске асырылуда.

«Мектептердің құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, Білім беру инфрақұрылымын қаржылай қолдау қоры арқылы және жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Биылғы жылы елімізде 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүреді. Бұл шаралар 2026 жылға дейін оқушы орнының тапшылығын толықтай жоюға мүмкіндік береді», — дейді инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Роза Сембаева.

Орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2023-2024 жылдары 464 мектеп күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылдың көктемінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен 35 нысан қалпына келтірілді. 2039 мектеп 3130 заманауи пәндік кабинетпен (робототехника, химия, биология, физика, STEM) жабдықталды.

Атап өту керек, мемлекет жаңа оқушы орындарын ашу және балалар үшін жайлы жағдай жасау бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл еліміздің барлық өңірінде білім инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, балалардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями