Стоковые изображения от Depositphotos
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан демалыс болады. 8, 9 және 10 наурыз сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндеріне келеді. Ал алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн қатарынан 8 және 9 наурыз, яғни сенбі, жексенбі демалады.
Наурыз мерекесінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Жалпы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 8 күн мереке болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер 6 күн демалады.
Сурет: pixabay.com
По сообщению сайта Arna Press