Популярные темы

«Бес миллионға дейін арзан». Шетелден көлік әкелу тиімді ме? 04 мая 2022, 16:52

Дата: 04 мая 2022 в 17:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Шетелден көлік алдыртатын қазақстандықтардың саны көп. Көлік сарапшысы Юрий Белов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында сырттан көлік әкелу неге тиімді екенін түсіндірді.

Юрий Беловтың сөзінше, утиль алымының бұрынғы пайыздық мөлшерлемесі кезінде де қазақстандықтар шетелден көлік әкелуді доғарған жоқ. Бүгін де бұл жағдай өзгермейді.

«Неге десеңіз, Қазақстандағы көлік картасын шетелдік бағдарламалармен салыстыруға келмейді. Одан бөлек, қазір шетелде көлік рәсімдеу процесінің жылдамдығы 5 есеге артты», — дейді ол.

Шетелдегі көліктер Қазақстан нарығымен салыстырғанда кемінде 5 миллионға дейін арзан болуы мүмкін. Toyota Camry, Subaru, Volkswagen — қазақстандықтар шетелден ең көп алып келетін көлік маркасы. Юрий Белов бұл шетелдік көліктің сапасының жоғын не қандай да бір кемшіл тұсын білдірмейтінін, керісінше, көп жағдайда сырттағы көліктердің жағдайы тамаша болатынын айтты.  

«Дегенмен, шетелден барлық көлікті тиімді бағаға сатып ала алмайсыз. Мәселен, Toyota Camry тек Қазақстанда емес, Америкада да жоғары сұранысқа ие, сондықтан оны сырттан алып келудің мәні жоқ. Егер АҚШ-тан дәл осы марканы алдыртатын болсаңыз, айырма тек 1 500 000 теңге болады. Ал бұл сома техникалық құжаттардың рәсімделуімен-ақ кетіп қалады. (...)

Мақаланың толық мәтінін мына жерден оқыңыз. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями