Популярные темы

Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні «Семей-Өскемен» тас жолында 50-ден астам көлік қалды

Дата: 03 марта 2023 в 12:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні
Стоковые изображения от Depositphotos

Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні  «Семей-Өскемен» тас жолында 50-ден астам көлік қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі

Абай облысының полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері қар құрсауында қалып қалған адамдарға көмекке барды. Сондай-ақ, сол жерде ТЖ құтқарушылары, «Қазавтожол» ДЭУ-26 жұмыс істеді.

«Түнде жолды қардан тазарту үшін 1 жүк тиегіш пен 1 грейдер тартылды, бірақ жолды тазалау қиынға соқты – себебі қатты боран болды. Көмекке барған полиция қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендер болған жоқ. Түнде қардан 70-ке жуық көлік шығарылды», — деді Абай облысы ПД ресми өкілі Дина Әміренова.

Сондай-ақ, Абай облысының ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Ернар Жалелов 5 жеңіл автокөлікпен 10 адам Бұлақ ауылына өз бетінше жетіп, Бұлақ ауылының мектебінде жылыту пунктінде орналасқанын айтты.

«112 арнасына хабар түскен бетте біздің құтқарушылар бірден көмекке барады. Ауа райы қолайсыздығына байланысты қала сыртына шықпаңыздар, деп ескертеміз. СМС-хабарлама таратамыз. Қар құрсауында қалып қалған адамдар жол жабылғанға дейін қала сыртына шығып үлгерген» — деді ТЖ жою басқармасының бастығы Ернан Жалелов.

Сурет: скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями