Популярные темы

«Семей аруы -2023» байқауына іріктеу басталады

Дата: 12 мая 2023 в 02:18



Стоковые изображения от Depositphotos

28 мамыр күні «Семей аруы -2023» байқауына іріктеу кезеңі өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«Қазақстан аруы» республикалық байқауының өңірлік өкілі Асем Садвакасованың айтуынша, іріктеуге қатысқысы келетіндер арнайы бірдей киім киіп келулері қажет. Шарт бойынша бұл қара футболка немесе топ, қара джинсы не болмаса фигура бойынша шалбар және міндетті түрде өкшелі аяқ киім.

«Семей аруы -2023» байқауының іріктеу кезеңіне 17 мен 25 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Қойылатын негізгі талаптар: бойы 170-183 см, тұрмысқа шықпаған, сымбатында мін жоқ, ақылына көркі сай болу керек, — дейді Асем Садвакасова.

Кастинг 28 мамыр күні сағат 12:00 Семей қалалық мәдениет сарайының 306 кабинетінде өтеді. Айта кетерлігі, байқаудың жеңімпазы Семейдің намысын республикалық байқауда қорғайтын болады.

«Семей аруы -2022» байқауының жеңімпаздары 

Еске сала кетейік,  «Семей аруы -2017»  Динара Баймұратова 2018 жылы Қазақстанның ІІІ вице-аруы атағын иеленсе, І вице «Семей аруы -2019»  Надежда Недосекова 2019 жылы Қазақстанның ІІ вице-аруы атанды. Ал 2022 жылы «Семей аруы-2022» атағының иегері Алтыния Ғазизова еліміздің  ең сұлу 20 қыздың қатарына кіріп, «Miss People Choice» номинациясы бойынша жеңіске жеткен.

Барлық сұрақтар бойынша @missqazaqstan.official, @inkarsezim_semey  инстаграм парақшаларының direct-не жазып немесе 8-777 — 267-39-73, 8-777-851-12-78  байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады. 

Сурет: «Қазақстан аруы» республикалық байқауының мұрағатынан

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Семей
Поделитесь новостью с друзьями