Популярные темы

Абай облысында дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына пәтер табысталды

Дата: 26 июля 2023 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына пәтер табысталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай аймағы жаңадан құрылғалы бері дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына Семей қаласынан баспана берілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев үшемді қосқанда 8 балалы болған жас отбасын құттықтап, 3 бөлмелі пәтерді сыйға тарту етті.

«Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» — деген дана халқымыз баланы байлық пен берекеге балаған. Сіздер қасиетті Абай жерінде дүние есігін ашқан тұңғыш үшемнің ата-анасы атанған бақытты жансыздар. Келешекте Бегімай, Бек-Мұхаммед пен Бегайым үміттеріңізді ақтап, мерейлеріңізді үстем ететін ұлтымыздың ардақты азаматтары болатынына сенімдімін», – деді Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауында.

Айта кетсек, жас отбасы осы уақытқа дейін Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында пәтер жалдап тұрған. Үшем дүниеге келмес бұрын Амангелді және Аида 5 баласын тәрбиелеп келген. Олар облыс орталығынан баспаналы болғанына риясыз қуанышты екенін жеткізді.

«Қуанышымызда шек жоқ. Облыс әкіміне алғыс білдіреміз. Осыдан бірер апта бұрын өзіміздің өтінішімізді айтқан едік. Көп ұзамай міне 3 бөлмелі пәтерге ие болып отырмыз. Кішкене бөбектеріміз үшін бұл үлкен қуаныш. Еліміз, облысымыз дами берсін. Шексіз алғыс айтамыз», – деді көпбалалы отбасы.

Сурет: облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями