Популярные темы

Шымкентте энергетик шығаратын цехтың қызметі тоқтады

Дата: 11 сентября 2023 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шымкентте энергетик шығаратын цехтың қызметі тоқтады
Стоковые изображения от Depositphotos

Оны Бизнес құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

ҚМА баспасөз қызметіне таратқан ақпарат бойынша, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.

«Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді», — деп хабарлады ҚМА өкілдері.

Дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Сурет: видеодан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями