Популярные темы

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Дата: 03 октября 2023 в 09:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанның бірнеше облысында жылыту маусымы ресми түрде басталды. Жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға, содан кейін ғана тұрғын үйлерге беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірінде басталып кетті:

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% — ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% — ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% — ы қосылған.

Министрлік қалған өңірлерде жылу қашан қосылатынын айтты:

Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарлануда.

Кентауда жылу беру маусымы тек 25 қазанда басталады: ЖЭО әлі дайын емес.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями