Популярные темы

Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі ұзартылды

Дата: 27 октября 2023 в 10:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі ұзартылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі екі жылға ұзартылғанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында 30 мәселе қаралған.

Қазақстандықтар үшін маңызды келісімдердің бірі электрон қозғалтқышы бар автокөліктерді бажсыз әкелу мерзімін ұзарту болды.

«Азаматтарымыз үшін биыл электр қозғалтқышы бар жеңіл көліктерді бажсыз әкелу аяқталды, біз оны тағы екі жылға ұзарттық. Одақ бойынша жалпы квота 96 мың, оның ішінде Қазақстан үшін — 30 мың автокөлік бажсыз, салықсыз», — деді Жұманғарин.

Сурет: «Астана Моторс»

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями