Стоковые изображения от Depositphotos
Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Рудный прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді», — делінген хабарламада.
Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша, мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалғаны айтылды.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press