Популярные темы

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды

Дата: 19 марта 2024 в 20:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда экс-полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.

Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями