Популярные темы

Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды

Дата: 01 апреля 2024 в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 1 сәуірінде Ақтауда ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, лаңкестік әрекетке дайындалды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

«Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды», — деліенген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями