Популярные темы

Шымкентте 5 жасар балаға азғындық жасаған педофил 20 жылға сотталды

Дата: 28 мая 2024 в 10:28


Шымкентте 5 жасар балаға азғындық жасаған педофил 20 жылға сотталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Шымкентте 5 жасар бүлдіршінге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған педофилге үкім шықты. 54 жастағы ер адам бұған дейін зорлау, ұрлық және есірткі қылмыстары бойынша сотты болған және балаға азғындық жасар алдын түрмеден бірнеше күн бұрын ғана бостандыққа шыққан екен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2023 жылғы қараша айында болған. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам аулада ойнап жүрген баланы гаражға алдап апарып, киімін шешкен. Оның бұл әрекетін көршілер байқап қалып, дереу полицияға хабар берген. Ер адам оқиға орнында ұсталған, деп жазды Kazinform.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам кінәсін толық мойындаған. Алайда сот отырысында ол өзіне қысым көрсетілгендіктен қылмысты мойындағанын айтқан. 

«Қысым көрсету бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірақ ешқандай факт расталмады. Оның үстіне психологиялық-криминалистикалық сот сараптама жүргізіліп, жауап алу кезінде ол видеоға түсірілгені, онда ешбір қысым көрсетілмегені анықталды. Сот оны адвокатының қатысуымен өз еркімен жауап берген деп таныды», — деді қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судья Әбинұр Қарабаев.

Сот материалдарына сәйкес оның кінәсі дәлелденіп, оған Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағымен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы рецидивист үкіммен келіспеген және апелляциялық шағым түсірген.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями