Популярные темы

Бүгін Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі

Дата: 02 сентября 2024 в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бүгін Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі
Стоковые изображения от Depositphotos

2024 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақорда таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ телеграм арнамыздан мәтін түрінде трансляция жүреді.

«Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады», — деп хабарлады Ақорда.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Сурет: akorda.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями