Популярные темы

Мемлекеттің өзегі – мемлекеттік тілі.

Дата: 28 ноября 2024 в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мемлекеттің өзегі – мемлекеттік тілі.
Стоковые изображения от Depositphotos Мемлекеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын мемлекеттік тілге көшіру кезеңін бастан өткеріп, айтулы іс-шаралар қолға алынуда. 
Мемлекеттік тіл — көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т.б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады   Тіл — адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырады, табыстырады. Ал мемлекеттік тіліміз — ең басты байлығымыз, оны әрбір қазақстандық азамат міндетті түрде білуі қажет.Қазақ тілі — қазір мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін, іс қағаздарын жүргізу тілі.Біздің еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет тіл мәселесіне өте көп көңіл аударылып, жіті қадағалануда. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабы 1 — тармағында «ҚР-дағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі » деп бекітілген.Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту үшін көптеген шаралар жүргізілуде.Тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, жаһандану заманына бейімделіп , бәсекеге қабілетті болып, сақталып қалуы үшін көптеген салаларда қолданысын арттырып, заман талабына сай етіп дамыту қажет.Ол талаптарды айта кетсек: іс қағаздарды жүргізу тілі, яғни ресми тілде, ғылыми тілде, ақпараттық кеңістікте колдануда, әдеби тілде, күнделікті қолданыстағы ауыз-екі cөйлеу тілде. Осы мақсаттарға жету барысында көптеген реформалар мен жұмыстар жасалуда.Қазақтың әдеби тілі — қолданылуы тарихы тереңде жатқан, ертеден қалыптасқан өте бай тіл . Күнделікті қолданыстағы ауыз-екі тіл де өз ағымымен заманға сай қажеттілігі артып, өз дамып келеді.
Мемлекеттік тілді ғылым, білім алу тіліне айналдыру мақсатымен әлемнің ең маңызды деген авторларының ғылыми жұмыстары мен еңбектері төл тілімізге аударылуда.   Ал енді мемлекеттік тілге «мемлекеттік тіл» статусын беретін ең басты талабының бірі – тілдің іс-қағаздарды жүргізу, заң шығару органдарында, мемлекеттік қызметте, ресми кездесулерде, брифингтерде колданылуы болып табылады. Бұл салада да көптеген жұмыстар атқарылуда.   Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне деген оң көзқарасын қалыптастырып, қызығушылығын арттырып, құжат тілінің мемлекеттік тілге көшуіне қызметтердің қазақ тілінде көрсетілуіне жағдай жасайтын байқаулар және мәдени шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке түсудің ең басты қағидаларының бірі – мемлекеттік тілді білу дәрежесін тексеру туралы тестлеуден өту болып табылады.   «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңының 8-бабында «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады», — деп бекітілген. Мемлекеттік тілдің дәрежесінің көтерілуіне мемлекетіміздің әрбір азаматы өз үлесін қосып, қажырлы еңбек атқаруы қажет.   Тіл – ұлттың ұлы игілігі, әрі оның ажырамас бөлігі. Кез келген халықтың болмыс-тіршілігі, өркениеттілігі, мәдениеті сол тілдің қолданыс ауқымдылығымен өлшенеді. Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен байланысты.  Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бет-бейнесі.        Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Саутова Г.Б.

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями