В двух крупных городах Кыргызстана, в Бишкеке и Оше, 25 февраля прошли мирные акции против войны и в поддержку Украины. Митингующие собрались у посольства России в Бишкеке и у здания главного российского консульства в Оше.Они вышли на акцию протеста с плакатами «Нет войне», «Тынчтык керек» («Нужен мир»), «Остановите войну в Украине» и «Хватит врать и убивать».«Мы вышли, чтобы выразить свою позицию и призвать глав всех государств к тому, чтобы [они] осудили эту агрессию.
керек: новости — страница 14
«Жүкті екенін 8 айында білген». Жиһангез баламен саяхаттаудың қыр-сырын айтты 25 февраля 2022, 08:55
Tengrinews, 25 февраля 2022 в 09:03
Алматылық Лейла Измаилова бүгінде отбасымен АҚШ-ты аралап, саяхаттап жүр. Алматыда жоғары оқу орнын аяқтап, біраз жұмыс істеп, жары Абылаймен АҚШ-қа кетіп қалған. Бүгінде Лейла құрама штаттарда бала тәрбиесінен бөлек, графикалық дизайн бойынша түрлі курстарға қатысып жүр. Лейла жары Абылай екеуі АҚШ-қа көшу туралы шешімді қалай қабылдағанын айтып берді.
«Жойқын жарылыстар». Киевтегі қазақтар елдегі жағдайды айтты 24 февраля 2022, 13:43
Tengrinews, 24 февраля 2022 в 13:53
Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында төтенше соғыс жағдайы енгізілгенін жеткізді. Киевте жұмыс істейтін қазақстандық Зафар Сүлейменов Tengrinews.kz тілшісіне елде не болып жатқанын әңгімелеп берді. «Қысқа-нұсқа айтқанда, жойқын жарылыстар болып жатыр. Өзім Голосеев пен Васильков станцияларының арасында тұрамын.
Украинада не болып жатыр? Оқиға хронологиясы 24 февраля 2022, 12:29
Tengrinews, 24 февраля 2022 в 12:33
21 ақпанда Путин ДХР және ЛХР тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесі республикалармен достық және ынтымақтастық туралы шарттарды ратификациялады. Алайда 23 ақпанда жағдай шиеленісе түсті. Украина мен Ресей арасындағы жағдай туралы қазірге дейін не белгілі?
Родственники задержанных по январским событиям скандировали «Бостандық» у Дома дружбы в Семее
Радио "Азаттык", 23 февраля 2022 в 19:23
В городе Семее 23 февраля десятки родителей и членов семей задержанных по январским событиям встретились с представителями общественной комиссии по расследованию январских событий.Граждане, на протяжении многих недель призывающие власти освободить задержанных родственников, — многим из них после январских событий предъявлены такие обвинения, как «акт терроризма», «захват зданий» и «участие в массовых беспорядках», — настаивали, чтобы на встречу в Дом дружбы прибыл аким города Бакытжан Байахметов.
Жыл сайын қандай анализдерді тапсыру керек? Неміс терапевтімен сұхбат 23 февраля 2022, 17:21
Tengrinews, 23 февраля 2022 в 17:33
ДДСҰ мәліметінше, былтыр әлем бойынша 20 миллионға жуық обыр ауруы тіркелген және оның тең жартысы дер кезінде анықталмай, қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұны медицина мамандары бір ауыздан диагностиканың кеш жасалуымен байланыстырады. Германияның жоғары санатты терапевті, медицина докторы Амир Надери Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында денсаулықты бақылау үшін жыл сайын қандай анализдер тапсыру керегін айтты.
Депутаттар, байлар мен банктерге шектеу. Ресейге қай елдер санкция салды? 23 февраля 2022, 14:49
Tengrinews, 23 февраля 2022 в 15:03
Ресей президенті Владимир Путин Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы жарлыққа қол қойғанна кейін АҚШ, ЕО елдері Ресейге санкциялар жариялады. Елдің ірі банктері мен кәсіпкер, депуттарға шектеу енгізілді. Tengrinews.kz тілшісі Ресейге қай ел қандай санкция жариялағанын баяндайды. Ұлыбритания Ұлыбритания Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкеріне, оның ішінде Геннадий Тимченкоға қарсы санкция салды.
Неге утильалымнан бас тартуға болмайды? Үкімет басшысының орынбасары жауап берді 23 февраля 2022, 13:43
Tengrinews, 23 февраля 2022 в 13:53
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр неге Қазақстанда утильалымнан бас тартуға болмайтынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бұл кімге тиімді? Ойланып көрейік. Біз былтыр елде 92 мың автомобиль өндірсек, оларды сатып алған адамдар утильалым төлемесе? Қымбат автомобильдер де бар, мысалы жол талғамайтын көліктер.
Пойызда айтылып, кітапқа арқау болған әдемі хикая 23 февраля 2022, 12:15
Tengrinews, 23 февраля 2022 в 12:23
Жүз жасаған Жамбылдың ұрпағы, әнші Бибі Артықованың қызы, ал өзі «Айгүл» ансамблінің мүшесі болған Ақмарал Артықованың балалық шағынан бергі өмірі кітапқа арқау болған. Кітап авторымен және кейіпкерімен сұхбат Tengrinews.kz материалында. Әнші Бибі Артықова мен әскери қызметкер Әбді Артықовтың қызы Ақмарал Артықова 1950 жылы Алматыда дүниеге келген.
Шетелде тағылымдамадан өту жолдары: не білу керек? 22 февраля 2022, 17:04
Tengrinews, 22 февраля 2022 в 17:13
Халықаралық тағылымдама — көп уақыт пен ақша жұмсамай-ақ шетелге шығудың тамаша тәсілі. Қазір жастар арасында ерікті болу және кәсіби тағылымдама танымалдыққа ие. Шетелге тағылымдаға бару арқылы қысқа мерзім ішінде өзге елдің мәдениетін көріп, тіл үйреніп, қажет дағдыларды игеру мүмкіндігіне ие бола алады.
«Болашақ» бағдарламасына енген ресейлік университеттер туралы не белгілі? 22 февраля 2022, 08:53
Tengrinews, 22 февраля 2022 в 09:03
Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеген еді. Осы тізімге енген ресейлік университеттер туралы мәлімет Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» білім беру бағдарламасы қайта бағдарланатынын мәлімдеген болатын.
Жоғары білімді талап етпейтін сұраныстағы мамандықтар аталды 21 февраля 2022, 17:25
Tengrinews, 21 февраля 2022 в 17:33
Кейінгі жылдары жоғары білімді қажет етпейтін арнайы мамандықтар пайда бола бастады және оған сұраныс та аз емес. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская айтып берді. Маманның сөзінше, дипломды талап ететін жұмыс орындары азайып жатыр.
Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат 21 февраля 2022, 09:12
Tengrinews, 21 февраля 2022 в 09:23
Адамзаттың күнделікті тұтынатын тағам өнімдері үздіксіз дамып жатыр. CSIRO мәліметінше, алдағы онжылдықта азық-түлікке сұраныс 14 пайызға өседі, яғни тағам өндірісі екі есе артуы керек. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі америкалық нутрициолог Бэлла Ховардпен сөйлесіп, болашақта қандай тағамдар пайда болуы мүмкін екенін сұрады.
16 жылдан кейінгі тоқырау. Қысқы спортта қандай өзгеріс керек? 20 февраля 2022, 19:11
Tengrinews, 20 февраля 2022 в 19:23
Кеше Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Амал не, биыл спортшыларымыз артылған үмітті ақтай алмады. Үш аптадан аса уақытқа созылған додадан Қазақстан атлеттері жүлдесіз оралды. Tengrinews.kz тілшісі Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы қорытындалады. Биылғы Олимпиададағы үздік нәтижеміз Биыл қазақстандық жанкүйерлер эмоцияға бөленіп, соңына дейін жанкүйер болған жалғыз сайыс шорт-тректен 500 метрге жарыс болды.
2022 жылдың топ-трендтері. Көктем-жазда қандай киімдер сәнде? 18 февраля 2022, 12:48
Tengrinews, 18 февраля 2022 в 12:53
2022 жылдың көктем-жаз маусымы түрлі түстер мен жарқын образдарға қанық болғалы тұр. Бүгінде әлемдік брендтердің сән көрсетілімдеріне қарап отырып, былтырғы трендттер жалғасын табатынын байқай аламыз. Қазақстандық стилист Мира Берген Tengrinews.kz тілшісіне биыл қандай түстер, киімдер мен образдағы қосалқы элементтер сәнде болатынын әңгімеледі.
Неге жұрт несиеге құмар? Психолог кредитоманияның себептерін айтып берді 18 февраля 2022, 11:54
Tengrinews, 18 февраля 2022 в 12:03
Кейінгі жылдары құмарлық, тәуелділік секілді жағдайлар саны артып келе жатыр. Бұл қатарда қарыз алуға бейімділік, қарызға тәуелділік бар екені жасырын емес. Психологтар мұны психологиялық симптомның бірі ретінде қарап, «кредитомания», яғни қарызға құмарлық деп атайды. Күнделікті өмірде ақшалай қарыздан бастап киім-кешекке дейін бөліп төлеуге алатындар да бар.
«Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін». Украиналық тұрғын елдегі ахуалды айтты 18 февраля 2022, 10:36
Tengrinews, 18 февраля 2022 в 10:43
Бүгінде Украина мен Ресей қарым-қатынасы дүние жүзі елдерінің назарында. Соғыс қаупі төнуі мүмкін делінген Украинаның өзіндегі қазіргі жағдай қандай? Жергілікті тұрғындардың көңіл-күйі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың Харьковтегі «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Макка Қаражанова айтып берді.
Президент наурызда халыққа жолдау жасайды 17 февраля 2022, 21:11
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:23
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың ортасында халыққа жолдауында саяси реформаларды ұсынатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қандай түбегейлі өзгерістер болатынын қазір айта алмаймын. Бірақ біраз өзгерістер болады. Бұл туралы Мәжілісте сөйлеген сөзімде айттым. Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін.
Өкінішке қарай, кейбір журналистер жалған ақпарат таратып жатыр — Тоқаев 17 февраля 2022, 21:15
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистиканың деңгейі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент қазақ журналистикасының деңгейі төмен деп айтуға болмайтынын атап өтті. «Керісінше қазақ журналистикасының деңгейі жоғары екені күмәнсіз. Қаңтар оқиғалары кезінде ақпараттық вакуум болды.
«Өкінбеймін» — Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚШҰ әскерін шақыру туралы ойын айтты 17 февраля 2022, 20:55
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін Қазақстанға шақырғанына өкінбейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Өкінбеймін. Бұл ешқандай да өкіндіретін шешім емес. Керісінше дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Өйткені, қарулы қарақшылар Алматыны қиратып, өзге қалаларға қауіп төндірді.
Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан — Тоқаев 17 февраля 2022, 20:56
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:03
Президент Ресей Қазақстанның қарым-қатынасына қатысты пікірін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоқаев Ресей — Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет екенін атап өтті. «Осындай жағдайда оның бізге көмекке келуі айтпаса да түсінікті. Мұны құтқару емес, ортақ мүддемізді қорғау үшін жасалған іс-әрекет деп түсінуге болады.
Лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары деп айтуға болмайды — Президент 17 февраля 2022, 20:51
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 20:53
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бұзақыларға қатысты қандай іс-шаралар қабылданатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бұзақылар туралы мәселеге келсек. Кейбір адамдар жазықсыз азаматтарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды да, осындай жалған ұрандарды ел ішінде таратады.
«Кемсіту емес». Тоқаев бұған дейін неге орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді 17 февраля 2022, 20:34
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 20:43
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін неліктен қазақша сұхбат бермегенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоқаев мұның алдында неліктен сұхбатты орыс тілінде бергенін айтты. Оның сөзінше, бұл ешқандай да кемсіту емес. «Бұл ешқандай кемсіту емес, ешқандай менсінбеу де емес деп айтуға болады.
«Бұл — кәсіби қарақшылардың ісі». Тоқаев қаңтардағы оқиғалар туралы пікір білдірді 17 февраля 2022, 20:38
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 20:43
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде шыққан арандатушылар мен қарақшылардың шынайы мақсаты бейбіт митингіге қатысу емес, билікке шабуыл жасау болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Әрине, бастапқыда бейбіт шерулер болды. Мұны бәріміз көрдік. Еліміздің әр аймағында азаматтар алаңға жиналып, өз талаптарын айтты, тіпті, наразылықтарын білдірді.
Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат 17 февраля 2022, 11:54
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 12:03
Кембридж университетінің физигі, ғалым Анджела Харпер уақыт неге тез өтіп жатқандай сезім туатынын түсіндіріп, оның ғылыми ерекшелігі туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Харпердің айтуынша, уақыт тұрақты өлшем емес, ол бірнеше себепке байланысты ауытқуы мүмкін. «Уақыттың өлшемі сағаттағы цифр ғана емес, ол, сонымен қатар, адам санасындағы құрылымы әлдеқайда күрделі механика.
Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат 17 февраля 2022, 10:38
Tengrinews, 17 февраля 2022 в 10:43
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов #TengriTаlk эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді. Эфир барысында білім саласындағы жаңалықтар, мектеп бағдарламасына енгізілетін өзгерістер, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, елімізде беделді шетел университет филиалдарының ашылуы, «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер мен педагогтер мәселесі талқыланды.
«Мұғалімдерді газетке жаздырған, көше сыпыртқан». Министр 700-ге жуық басшы жазаланғанын айтты 16 февраля 2022, 16:01
Tengrinews, 16 февраля 2022 в 16:13
Былтыр мұғалімдердің құқығын бұзған 700-ге жуық басшы жазаланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Министр бүгінде педагогтерге жасалған жағдай туралы айтты. «Әрине, біріншіден, ол — жалақының көбеюі.
Шетелге заңсыз шығарылған қаражат Қазақстанға қалай қайтарылады? 16 февраля 2022, 11:32
Tengrinews, 16 февраля 2022 в 11:43
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов шетелге заңсыз шығарылған капиталды Қазақстанға қайтару процесін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марат Ахметжановтың сөзінше, біріншіден, қылмыстық іс қозғалуы керек. «Оған құқықтық көмек беру үшін тапсырма береміз.
Жалғасы бола ма? «5:32» сериалының режиссерімен үлкен сұхбат 15 февраля 2022, 14:31
Tengrinews, 15 февраля 2022 в 14:43
Tengrinews.kz тілшісі «5:32» сериалының авторы әрі режиссері Әлішер Үтевпен сұхбаттасып, сценарий қалай жазылғанын, ондағы цензура мен ерекшеліктер туралы сұрады. Сонымен қатар, режиссер жобаны жарты жолда тастап, көп шығынға ұшыратқан танымал актер туралы және Қазақстандағы ең танымал каннибал туралы сөз қозғады.
«Шыда, менің сұлуым». Ресей мен Украина арасындағы жағдайға шолу 15 февраля 2022, 12:59
Tengrinews, 15 февраля 2022 в 13:13
Ресей мен Украина арасындағы конфронтация қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасындағы соғыс қаупі туралы шолу жасады. Екі ел арасындағы қақтығыс қашан басталды? Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс 2014 жылы сәуірде Донецк және Луганск облыстарында басталған болатын. Сол кездегі президенттің міндетін атқарушы Александр Турчинов Харьков, Донецк және Луганскідегі әкімшілік ғимараттардың басып алынуына байланысты дағдарысқа қарсы штаб құрылғанын, «қолына қару алғандарға қарсы антитеррористік шаралар басталғанын» мәлімдеген болатын.
Показано 30 новостей из 531