2023 жылғы 17 және 24 шілдеде ҰҚК Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды.Ұсталған республикамыздың 4 азаматына қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 78
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады
Akorda.kz (KZ), 31 июля 2023 в 13:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Ақтөбе қоқыс қалаға айналды 31 июля 2023, 09:02
Tengrinews, 31 июля 2023 в 09:03
Ақтөбе — еліміздің батыс өңіріндегі ірі қала. Алайда қалада қордаланған мәселелер көп. Субұрқақтар істемейді, арықтар тазартылмайды. Және ең өзекті мәселе — тұрмыстық қалдық. Тұрғындар қоқыстың апталап алынбайтынына наразы. Massaget.kz тілшісі қаланың кейбір көріністерінен фоторепортаж жасады. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласызда.
Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» прибыл на станцию Ашысу
EKaraganda.kz, 30 июля 2023 в 00:05
Социальный проект — медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» реализуется Фондом развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust» от имени группы компаний АО «Samruk-Kazyna», при участии Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политики при Президенте РК и Министерства здравоохранения, в сотрудничестве с корпоративным фондом «Фондом социальных проектов».
Абай облысында ҰҚК қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» директорын жемқорлықпен ұстады
Arna Press, 28 июля 2023 в 19:58
2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады, дер хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды
Arna Press, 28 июля 2023 в 15:40
Ақтөбенің 8-шағын ауданындағы көпқабатты үйде көршілер жағымсыз иіс сезіп, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Полицейлер пәтерді ашып, екі мәйітті тапты. Қазіргі уақытта сараптама жасалып жатыр.«23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды.
Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалды
Arna Press, 28 июля 2023 в 15:08
Министр Асхат Оралов «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Азамат Сатыбалды ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды.
Абай облысында 2023 жылы 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған
Arna Press, 28 июля 2023 в 13:58
Жұмыссыздықты азайту үшін облыс әкімдігі тұрақты жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. 2023 жылы облыс көлемінде 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл бірінші тоқсаннның қорытындысына сәйкес Абай облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.
Найзағай, жел және жаңбыр: Қазақстандағы ауа райы болжамы
Arna Press, 28 июля 2023 в 12:48
Қазгидромет 28-29 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Атмосфералық бөліктерге байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.«28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Абай облысында жоқ қантты 1 миллион теңгеге сатқан әйел ұсталды
Arna Press, 27 июля 2023 в 12:48
Алғашқы арыз ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Семей қ. ПБ «102» жедел арнасына 36 жастағы облыс орталығының тұрғынынан түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Азаматша қоңырау шалып, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлады.3 шілдеде базардың маңында белгісіз әйел жақындап оған қант сатып алуды ұсынған.
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Akorda.kz (KZ), 27 июля 2023 в 12:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
ҰҚК есірткі зертханасын жойды
Arna Press, 27 июля 2023 в 11:49
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операцияны іске асырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында Қырғызстан Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізді.
Балқашта бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады
Arna Press, 27 июля 2023 в 10:48
Қарағанды облысында бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.26 шілдеде Балқаштағы 6-шағынауданда ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады.Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салды:Сурет: Tengrinews.kz
Семей қаласында 59 түлек «Алтын белгі» иегері атанды
Arna Press, 26 июля 2023 в 16:28
Семейде 59 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023 жылғы 18 мамыр 5 шілде аралығында электронды форматта өткізілді, түлектер қорытынды ҰБТ-ны екі рет тапсырды. Екі мүмкіндік те мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін жарамды.Түлектер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.Семей қаласы бойынша мектепті барлығы 2 045 оқушы бітірді, оның ішінде 1 871 түлек ҰБТ тапсырды.59 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері атанса,169 түлек мектепті үздік аттестатқа аяқтады.
Абай облысында дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына пәтер табысталды
Arna Press, 26 июля 2023 в 15:28
Абай аймағы жаңадан құрылғалы бері дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына Семей қаласынан баспана берілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев үшемді қосқанда 8 балалы болған жас отбасын құттықтап, 3 бөлмелі пәтерді сыйға тарту етті.«Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» — деген дана халқымыз баланы байлық пен берекеге балаған.
Президент Солтүстік Еуропаның бірқатар елінде болған Құранды өртеу актілерін сынға алды
Akorda.kz (KZ), 26 июля 2023 в 14:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Akorda.kz (KZ), 25 июля 2023 в 19:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызда аяқталады
Arna Press, 25 июля 2023 в 18:18
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Akorda.kz (KZ), 25 июля 2023 в 15:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді
Arna Press, 25 июля 2023 в 14:38
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа күдікті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу аяқталған.Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 миллион теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.Фото:gov.kz
Павлодар облысында ресейлік бидайды жалған құжаттармен заңсыз әкетудің сұр схемасы анықталды
Arna Press, 25 июля 2023 в 13:28
Ресейлік бидайды қазақстандық өнім ретінде экспорттау үшін жалған келісім-шарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша Департаменті анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Анықталған азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған.
Өскемен қаласының тұрғындары алаяқтың қармағына түскен
Arna Press, 25 июля 2023 в 12:28
Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны алаяқтық жолмен иемденген ер адамды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны 2022 жылы науқас жұбайына медициналық көмек көрсету сылтауымен оның 30 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген еуропалық келбеттегі белгісіз ер адамды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінген.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 1972 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстаған.«Бұдан әрі ЖІШ жүргізу барысында алаяқ үшін бұл жағдай бірінші рет емес, ол тағы үш қала тұрғынын «әйелінің ауруы» туралы сылтауына сендірген, ал тағы екі жәбірленуші бензин талондарын сатып алу үшін ақша берген, олар, әрине, алынбаған.
Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» прибудет на станцию Аршалы
EKaraganda.kz, 25 июля 2023 в 09:55
Социальный проект — медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» реализуется Фондом развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust» от имени группы компаний АО «Samruk-Kazyna», при участии Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политики при Президенте РК и Министерства здравоохранения, в сотрудничестве с корпоративным фондом «Фондом социальных проектов».
Ақмола облысында ауыл тұрғындары 5 жылдан бері қорқынышпен өмір сүріп келеді 25 июля 2023, 09:20
Tengrinews, 25 июля 2023 в 09:23
Бұланды ауданының Иванков ауылының тұрғындары 5 жылдан бері қорқынышпен өмір сүріп келеді. Өзен арнасындағы гидротехникалық бөген құрылымы әлдеқашан тоз-тозы шығып, апаттық жағдайға жеткен. Бірақ жергілікті билік жоба бюджетке енгізіліп, жөндеу жүргізіледі деген құрғақ уәдеден ары аспай келеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 жасар қызды зорлаған ер адамға Абай облысының соты ең қатаң үкім шығарды
Arna Press, 24 июля 2023 в 19:18
Абай облысының соты кәмелетке толмаған көрші қыз баланы зорлағаны үшін айыпталушыға ең қатаң үкім шығарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өткен жылы көршісі 9 жасар қызды зорлап кетті деген ақпарат тарап, халықты дүр сілкіндірген еді. Барлық тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін, сот айыпталушыны кінәлі деп тапты.«Үкім бойынша А.М.
Абай облысында есірткі қойып кетуші топ құрықталды
Arna Press, 24 июля 2023 в 17:18
Семейде ұзақ мерзімді жедел әзірлеуді жүргізу нәтижесінде, Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Семей қаласы ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері интернет-дүкеннің қатысушыларын анықтады.
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Akorda.kz (KZ), 24 июля 2023 в 13:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады
Akorda.kz (KZ), 24 июля 2023 в 12:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Технологическое нарушение на трансформаторной подстанции ТОО «Қарағанды Жарык» устранено
EKaraganda.kz, 23 июля 2023 в 19:05
«Технологическое нарушение на подстанции «Новый город» устранено. Все потребители запитаны», — отмечается в публикации ТОО «Қарағанды Жарык» в социальных сетях.Напомним, что сегодня, 23 июля, в Караганде загорелась трансформаторная подстанция ТОО «Қарағанды Жарык». Карагандинцы писали, что во многих квартирах нет электричества, на улицах не работают светофоры.
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Akorda.kz (KZ), 21 июля 2023 в 17:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Показано 30 новостей из 4 654