Стоковые изображения от Depositphotos
11 сәуірде өткен үкімет отырысының кулуарында журналистер Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен қазақша жауап беруді өтінді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Дегенмен министр қазақшамды жақсартуым керек деп алты ай уақыт беруді сұрады. Ол негізгі сұрақтардың бәріне орысша жауап берді.
«Кешіріңіз, мен өз ана тілімді негізі білемін. Бірақ қазақша сөйлеу деңгейімді көтеруім керек. Маған алты ай беріңіз. Сонда барлық сұрағыңызға қазақ тілінде жауап беремін. Маған алты ай беріңіз, кешіріңіз. Сапалы жауап беремін», — деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Дегенмен жаңа министр үкімет отырысында баяндамасын қазақша оқыды. Ол жүйелік оператор бекіткен кестеге сай биыл қай электр станцияларында жөндеу жоспарланғанын айтты. Оның сөзінше, электр станцияларында биыл 10 энергоблокты, 49 қазандықты және 54 турбинаны жөндеу жоспарланған.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press