Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші «Теңізшевройл» компаниясы биыл 18,9 млн тонна шикі мұнай өндірді. Қазақстанға тікелей төлемдер 5,9 млрд АҚШ долл. құрады. Биыл өндіріс алыбы алып қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтеріне 2,7 млрд АҚШ долл. жұмсады. ТШО-мен бірлесе жұмыс істейтіндер арасында еліміздің оңтүстігінен де кәсіпорындар бар. Әңгіме майлау материалдарын шығаратын әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялы «HILL Corporation» зауыты мен еліміздегі ең ірі «Alageum Electric» электр техникалық компаниясы туралы болмақ.
Қазақстанда тұңғыш ретәлемдік деңгейдегі майлау материалдарын өндіретін «HILL Corporation» зауыты 2010 жылы пайда болды. Зауытеліміздегіүдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынды. 2010 жылдың жазында жаңа кәсіпорын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа салтанатты түрде таныстырылды, ал екі айдан кейін зауыт Теңізшевройл компаниясының автошаруашылық басқаруына арналған мотор және трансмиссиялық майлардың әлеуетті қамтушысы ретінде қарастырылды. Шыны керек ТШО-мен ынтымақтастық орнату үшін бірқатар сынақтарға төтеп беруге тура келді. Сынақтанөту үшін өндіруші 1000 литр майлау материалдарын жіберіп, үш айға жуық уақыт сынақ нәтижесін күтті.
Бекер күтпеген екен,сынақ нәтижесі бойынша мұнай компаниясы шетелде өндірілген майлардың бір бөлігін отандық өнімге ауыстыру туралы шешім қабылдапты.
«Алғашқы тапсырыс, бұл шамамен 4 тонна май, 2011 жылдың желтоқсан айында болдыі. 2013 жылдың мамырында тапсырысқа ТШО-ның теміржол бөлімі қосылды, себебі мұнай алыбының өз тепловоз паркіболатын, зауытымыз солар үшін М-14, В-2 санатты мотор майларын жеткізуді бастады. Міне, содан бері осы майларды ТШО-ға жеткізудеміз. Біздің ынтымақтастық барысында майдың сапасына қатысты шағымдар болған жоқ. Әрине, бұл біз үшін айтарлықтай демеуболды. Өйткені, алғашқы шарттар жасалып, тапсырыстар түскен сәттен бастап, біз өзіміздің интернеттегі электронды порталымызда ТШО сияқты беделді мұнай өндіру кәсіпорнының қамтушысы болып табылатынымызды мәлімдеуге құқығымыз болды, – дейді «HILL Corporation» зауытының коммерциялық директоры Мұрат Насыров.
Қазір Шымкенттік мұнай өндірушілерді еліміздің ірі компанияларымен берік келісімшарттар байланыстырады. Олардың арасында «ҚазМұнайГаз «БӨ» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Арселор Миттал» АҚ және басқалары бар.
Әрине, басында «HILL Corporation»-ның өнімін тұтынушылардың қатарында бұндай сенімді компаниялардың тізімі болған жоқ. Зауыт беделі оңайлықпен келген жоқ, бізді ТШО сияқты алып кәсіпорынмен жұмыс жасау сенім биігіне көтерді.
«Біз, шынтуайтына келгенде, үлкен не кең ауқымды қамтушы емеспіз. Біз бірінші кезектегі қажеттілік болып табылмайтын өнімдерді ғана жеткіземіз. Логистикаға жауап беретін жанама және көмекші басқаруға қызмет етеміз. Тапсырыс көлемі, тұтастай алғанда, болмашы ғана. Бірақ бұның бедел үшін құндылығы жоғары. Бұл өз кезегінде белгілі бір имидждік көрсеткіш», – дейді Мұрат Насыров.
Осыншама жұмыс жасаған жылдар ішінде «HILL Corporation» 100 млн литр мотор майын өндірді. Олардың қатарында кез келген құрам мен конфигурациядағы майлау материалдардың 100-ден астам түрі бар. Зауыт жылына 70 мың тонна май өндіреді. ТШО-мен жасалған соңғы жеті жылдық келісімшарт бойынша зауыт80-ге жуық тапсырысорындады, ал кәсіпорынға жіберілген майдың жалпы көлемі 150 тонна. Өндірушілер бұл шамалы көлем дейді, «HILL Corporation» бұдан анағұрлым жоғары тапсырысты орындауға әбден дайын. Зауыт қамтуды кеңейтуді қалайды, алайда ол үшін белгілі бір қондырғыларға рұқсат алу керек.
«Мәселен, біз өндіретін майларды «Caterpillar» газ генераторлық қондырғыларына құюға және жеткізуге мақұлдау алу үшін біз сынақтан өтіп, ауқымды қаржы көлемін жұмсауымыз керек. Бұған қоса, рұқсатнаманың шектеулі мерзімі бар және оны екі-үш жылда бір рет ұзартып отыру керек. Бұл тіпті ірі брендтер үшін де айтарлықтай шығын, біз сияқты жергілікті өндірушілер үшін тіптен. Мұндай тәжірибе зауытымыз пайда болғанға дейін қалыптасты. Біз жеке өндіруші ретінде бұған ештеңе істей алмаймыз», – дейді «HILL Corporation»-ның коммерциялық директоры.
Теңізшевройл компаниясымен көп жылғы ынтымақтастық шымкенттік майлау материалдарын өндіруші мен кәсіпорында сапа стандарттарын жетілдіруге алып келді. Алғашқы күннен бастап халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеді дейді. Кеден одағының техникалық регламенті бойынша барлық декларациялар, өнімнің қауіпсіздігі бойынша, тауардың жергілікті шығу тегі туралы сертификаттар бар. Сонымен қатар, әрбір партия жергілікті зертхана арқылы өтеді, әйтсе де, ТШО жеке және корпоративтік клиенттерге қойылатын жоғары талаптарға ие дейді май өндірушілер, сондықтан жоғары өлшемдерге сәйкес келуге тура келді.
«Әңгіме, мысалы, жүк жеткізетін жүргізушілер үшін жеке қорғаныс құралдарының болуы туралы болып отыр. Бөшкелерді немесе басқа контейнерлерді бекіту тұрғысынан жүктерді жеткізуге қойылатын талаптар бар. ТШО-мен ынтымақтастық барысында осы сәттерді анықтауға мүмкіндік алдық. Нәтижесінде біз көлікті GPS-трекерлермен және кен орны ауданына өту үшін қажетті басқа да жабдықтармен жабдықтадық», – дейді Мұрат Насыров.
Шымкенттік өндірісшілер «Теңізшевройл» компаниясымен ынтымақтастық арқылы жаңа деңгейге көтерілуді армандайды. Өндіріс алыбының майға қажеттілігінің басым бөлігін жабар едік дейді. Сондай-ақ, «HILL Corporation» пайдаланылған майды қайта өңдейтін бірден бір зауыт құрылысын аяқтады. Өндірісшілер қауіпті өнім дейді, өйткені қоспа улы болуы мүмкін. Оларды өртеу канцерогендік заттардың бөлінуін қамтамасыз етумен тең, ал HILL Corporation оларды қайта өңдей алады. 2018 жылдан бастап кәсіпорын жұмыс істеп келеді және пайдаланылған майларды көп сатылы тазалауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді және пайдаланылған майларды көп сатылы тазалаудан өткізуде.
«Нәтижесінде таза, негізгі май шығады. Ал бұл ең басты шикізат. Тазартылған қалдық майларды біз илемді майлағыштар мен ауыр майлардың бірнеше түрін өндіруде қолданамыз. Зауыт іске қосылғаннан бері біз жылына 25 мың тоннаға жуық өнім өндірдік, бұл осынша көлемдегі қалдық улы майлар атмосфераға жағылмай, өңделгеннен кейін өз мақсатына жұмсалатынын білдіреді», – дейді Мұрат Насыров.
«Теңізшевройл» өзінің әлеуметтік инвестицияларымен танымал. Қазақстанның дамуы үшін мұнай алыбы жүздеген бірегей әлеуметтік жобаға 367,2 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Олар жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ынталандыратын білім беру, дағдыларды дамыту және инновациялар салаларында жүзеге асырылды. Көптеген жобалар Қазақстандағы адами капиталды дамытуға ықпал етті. Айта кететіні, «Теңізшевройл» компаниясының арқасында 143 600-ден астам жұмыс орны ашылды. Компанияның көптеген жобаларды жүзеге асыруы және қызметтер мен өнімдерді жеткізушілермен ынтымақтастығы экономиканың басқа салаларында 140 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына әкелді. Тапсырыстардың арқасында «Alageum Electric» компаниясының қызметкерлері де жұмыспен қамтамасыз етілді.
Электротехникалық компанияның ірі мұнай өндіруші кәсіпорын — «Теңізшевройлмен» ынтымақтастығы 2015 жылы басталды. Алғашқы келісім-шарттарға қол қойылғанға дейін-ақ еліміздің оңтүстігіндегі өндіруші сенімді серіктес беделіне ие болды. «Alageum Electric» компаниясында тәжірибе, білікті қызметкерлер болды, сондықтан рұқсат қағаздарын алу қиынға соқпады.
«Айта кететін жайт, біз «Теңізшевройл» компаниясына КТҚС-25, 63, 100, 250, 400, 630 сияқты 100-ден астам қосалқы станцияларды жеткізіп бердік. Сонымен қатар біз контейнерлік ғимаратқа 8 DJH (RMU) ұяшықтарын жарықтандырумен, SamTrade ауа баптау жүйесімен бірге жеткіздік. Сонымен қатар ТМГ-1250, 500/10-0,4 кВ У1 D/Ун-11, ОРУ-110 кВ трансформаторларын; ТМН-6300/110-10кВ күштік трансформаторын; ЩСУ-0,4кВ-ға арналған АЖЖК бар толық дәнекерленген контейнерлік типтегі ғимарат, ЩСУ-0,4кВ (СПАССК-89) панельдерінен, ШУОТ-40 А/сағ, КРМ-0,4 кВ конденсациялау қондырғысынан, жарықтандыру қалқанынан, тоқты бөліп таратқыш қалқанынан; К-07М АЕ-10кВ жинақталған тарату құрылғыларының ұяшықтарынан тұратын (DWP) РУ-0,4 кВ; жалпы қосалқы станцияларды басқару орталығының релелік шкафтарын; ТМ-2000, 1000, 1600,400,160 / 10-0,4к күштік трансформатор; сондай-ақ, жарықтандырумен, SamTrade ауа баптау жүйесімен бірге контейнерлік ғимараттағы 8DJH ООО (RMU) ұяшықтары мен ТМГ-630/10-0,4 кВ У1 D/Ун-11 трансформаторларын жасап шығардық», – дейді компанияның Атырау қаласындағы филиалы директоры Арман Жарылғасов.
«Alageum Electric» компаниялар тобына «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Азия Трафо» ЖШС, «Электромонтаж» АҚ, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС және «ПромЭнерго» АҚ кіреді. Мысалы, «Кентау трансформатор зауыты» кең таралған трансформаторлық жабдықты өндіруші ретінде Қазақстаннан тыс шет елдерге де танымал. КТЗ электротехникалық өнімдері экономиканың барлық саласына жеткізіледі және зауыт отандық электр машина жасау құрылысында көшбасшы болып табылады. Ал, «Электромонтаж» АҚ 80 жылдан астам уақыт бойы кез келген күрделі электр қондырғыларын салу және қайта құру бойынша жұмыстардың толық кешенін атқарып келеді. Аталмыш кәсіпорын еліміздің барлық облыс орталықтарында орналасқан 10-нан астам мамандандырылған монтаждық басқармаларды біріктіреді. «Азия Трафо» зауыты қуаттылығы 500 МВА дейін 110, 220, 500 кВ кернеу санатындағы майлы күштік трансформаторлар мен автотрансформаторларды шығарады. Зауыт жылына 12 мың аса МВА шығара алады.
Өндірісте үдемелі және экологиялық таза технологиялар қолданылады, соңғы бағдарламалық қамту базасы негізінде құрастырмалық құжаттаманы әзірлеуден бастап, шығарылған трансформаторларды жөнелту мен сервистік қызмет көрсетуге дейін өндірістік процесті басқарудың заманауи жүйесі орнатылды.
«2016 жылы біз алғаш рет ККЖ/ҰЕҚБЖ жобасы шеңберінде жүк тасымалдау бағыты (CATRO) құрылысына қатыстық.Әрине, мұндай жобалар отандыққамтушыларға , соның ішінде біз үшін де үлкен қолдау болды. «Теңізшевройл» ЖШС көп жылдардан бері тауарлар мен қызметтермен қамтушы қазақстандық компаниялармен ынтымақты байланыста, ал бұл тқтастай алғанда, экономиканың дамуына оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар, ТШО өз қамтушылары үшін үнемі оқу курстары мен форумдар өткізеді, онда кез келген қамтушының компанияның өкілдерімен кездесуіне, өз компаниясын таныстыруына, жобалар туралы сұрақтар қойып, қажетті ақпараттар алуына болады. 2019 жылы біздің компания жергілікті қамтуды дамытқаны үшін марапатқа ие болды», – дейді Арман Жарылғасов.
«Alageum Electric» компаниясы үшін «Теңізшевройлмен» ынтымақтасықтаеш қиындық жоқ.
Өндіріс қызметкерлерінің қолында әрқашан келісім-шарттар жасауға қажетті еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің лицензиялары мен сертификаттары, сәйкестік сертификаттары және аккредиттелген зертхана бар.
Мұнай алыбының халықаралық талаптарына сай болу үшін қажет жағдайда, керекті құжаттарды лезде жаңартатынын айтады. «Теңізшевройлдың» ел экономикасы мен анағұрлым шағын кәсіпорындардың әсерін статистикалық мәліметтерден көруге болады. ТШО-ның жергілікті нарықтағы жалпы шығыны 24,4 млрд доллар құрады.
Биыл ТШО-ның өндірістік қызметі Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 9,9 пайызын құрады. Компанияның өндірістен түскен таза табысының 60%-ы шығындар, жергілікті қызметкерлердің жалақысы, сондай-ақ салықтар, роялти және қазақстандық акционерге төлемдер арқылы Қазақстан экономикасына қайтарылды.
ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығындары және облыс бойынша әсері
IHS Markit халықаралық зерттеу агенттігі жақында қай облыс мұнай-газ саласынан пайда көріп отырғандығын анықтау үшін зерттеу жүргізді. ТШО қызметі негізінен Атырау облысында шоғырланғанына қарамастан, компанияның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындары Қазақстанның қалған облыстары бойыншабөлінген. Мысалға, ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығындарының шамамен 26%-ы жалпы алғанда Алматы облысының өңіріне және Алматы қаласына, негізінен көлік және қойма компанияларына немесе кәсіби қызмет көрсететін фирмаларға тиісілі.
(Сурет: Облыстар бойынша ТШО-ның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындарынан экономикаға түскен кірісі (млн АҚШ доллар және жұмыс орындарының саны)
Последние новости Шымкента:
По сообщению сайта Vera.kz